{metadescription}
Коронавирусқа байланысты оқушылардың жазғы демалысы қысқара ма

Коронавирусқа байланысты оқушылардың жазғы демалысы қысқара ма

Жазғы демалысты қысқарту жоспарланып отырған жоқ.

Төртінші тоқсан алтыншы сәуірден басталады, оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді. Білім және ғылым министрлігі жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

"Жазғы демалысты қысқарту жоспарымызда жоқ. Егер күтпеген жағдайлар болса, осындай шешім қабылданып қалуы мүмкін. Бірақ, тағы қайталап айтамын, әзірге жазғы демалысты қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

Айта кетсек, төтенше жағдайға байланысты қазақстандық оқушылар 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалысқа шықты. Төртінші тоқсан алтыншы сәуірден басталады. Оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді. Карантин жағдайында қашықтан оқыту "Ел арна", "Балапан" телеарналары, "Qazaq radiosy", интернет ресурстар мен пошта арқылы жүргізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде