{metadescription}
Коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы жақсарды

Коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы жақсарды

Қазір ем алып жатқан 66 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бір ересек адамның жағдайы ауыр.

Ал тоғыз ересек адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Коронавирус расталған екі жасар баланың жағдайы жақсарды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

"Екі жасар баланың жағдайы жақсарды. Бүгін талдау нәтижелері теріс болса, ауруханадан шығарылады", – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Алматыда жаңадан коронавирус анықталған тоғыз науқастың барлығы басқа елден келген азаматтар. 30 наурызда Ыстамбұл–Алматы рейсімен бес адам ұшып келсе, бір адам 29 наурызда Минск–Алматы рейсімен келген. Ал үш адам Дубайдан ұшып келді. Қазірге дейін Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 82 жағдайы тіркелді, оның ішінде жеті адам жазылды: 4 ер адам, екі әйел және бір бала. Олар 14 күн үй карантинінде болады. Қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 76 науқас емделіп жатыр, ішінде екі бала бар.

"Емдеуге жатқызылғандардың бірі 1971 жылы туған Алматы облысының тұрғыны. Ол ЖРВИ белгісімен жағдайы нашарлап, Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жүгінген. Әйелге зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде екі жақты төменгі дәрежелі пневмония анықталды. Коронавирусқа талдаулар алынып, нәтижесі расталды. 30 наурызда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", – деді Әбілдаев.

Қазір ем алып жатқан 66 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бір ересек адамның жағдайы ауыр. Ал тоғыз ересек адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Қаладағы провизорлық орталықтарда 697 адам карантинде жатыр, оның ішінде – 84 бала бар. Ал екі күндік карантинде 1 029 азамат және 3 156 адам үй карантинінде жатыр.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде