{metadescription}
Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  

Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы вирус жұқтырғандардың үшеуі он төрт жасқа толмаған бала екенін айтты.

Қызылорда облысында бір отбасының сегіз мүшесі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді. 

"Сегіз адам 6-45 жас аралығындағы бір үйдің мүшелері. Оның үшеуі он төрт жасқа дейінгі бала", - деді Әбдусәметов.

Бүгін тіркелген науқастар Жаңақорған ауданының тұрғындары. Айтуынша, барлығы бұрын ауру расталған адамдармен байланыста болған.

"Барлығы алдында тіркелген науқаспен байланыста болып, оқшаулап, карантинге алынған азаматтар арасынан анықталды. Осы тұрғындардан зерттемелік сынама алынған болатын, нәтижесі вирус жұқтырғанын растады. Барлық анықталған науқастар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылып, ем алып жатыр", - деді Абдусаметов.

Инфекция анықталған науқастармен байланыста болған 388 тұлға анықталды. Оның ішінде 101 адам тығыз қарым-қатынаста болған. Барлық азамат үй жағдайында бақылауға алынды. Сондай-ақ, бұған дейін инфекция анықталған тоғыз азамат ауруханада ем алып жатыр. Қазір жағдайлары қалыпты, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Сонымен қатар басқарма басшысы тұрғындарды оқшаулану шараларын толық сақтауға шақырды.

"Жиындарды, басқосуларды өткізбеу, той жиындарға бармау, оқшаулану туралы айтылып жатыр. Бір үйдің мүшелерінде және сол төңіректегі көшенің бойындағы тұрғындарм арасында осынша науқастың тіркелуі қорғану шараларының толық сақталмауынан болып отыр", - деді ол.

Айта кетейік, қазір Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 18 науқас анықталды. Облыста сырттан  келген азаматтар бақылауға алынған. 1 А санатындағы елден келген 33 азамат бар, тоғыз адам ауруханада оқшауланған, 23 адам үй жағдайында карантинде жатыр. 1 Б санатындағы елден келген 148 адамның 12-сі ауруханада, қалғаны үй карантиніне алынған. 

Бүгіннен бастап Қызылордаға кіріп-шығу шектелді. Қазіргі уақытта елде 336 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Індеттен екі адам көз жұмды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде