{metadescription}
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы мәлімдеме жасайды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы мәлімдеме жасайды

Президент телеарналар арқылы елде төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды.

"Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде шағын және орта бизнес өкілдерінен түсіп жатқан көптеген өтініштерге байланысты елде әлеуметтік-экономикалық қолдау шараларының жаңа түрі әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.

Президент мәлімдемесін сағат 21:00-де КТК-дан көре аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде