{metadescription}
Тоқаев үкіметке жанармай бағасын арзандатуды тапсырды

Тоқаев үкіметке жанармай бағасын арзандатуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатуды тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа республикалық телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде айтты. 

«Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда бюджеттен 70 млрд теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы арқылы қосымша 100 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Ең алдымен шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар Үкіметке жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады», - деді Президент.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.