{metadescription}
Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Алматыда коронавируспен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, коронавирустың алдын алу мақсатында қаладағы үйлердің кіреберістер мен аулалар аптасына екі рет дезинфекцияланады. 25 наурыздан бастап төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешіміне және Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұсынысына сәйкес, мамандандырылған компаниялар қаладағы тұрғын үй қорын жаппай залалсыздандыруды бастады.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев айтты. Республика бойынша ең ірі тұрғын үй қоры Алматы қаласында. Оның құрамында 800-ден аса басқару органы қызмет көрсететін шамамен 8,5 мың көппәтерлі үй, 23,5 мың кіреберіс және 4 мың аула бар.

"Жұмыс көлемінің ауқымдылығы ескеріліп, барлық ауданда залалсыздандыру 3 күнге бөлініп, олардың жалпы санының кем дегенде күніне 33 пайызы қамтылады. Осылайша, көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулалары кестеге сәйкес аптасына 2 рет өңделеді. (...) Қазіргі уақытта жұмысқа шамамен 70 бригада, 500-ден аса адам жұмылған", – деді Отыншиев.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді залалсыздандыруға, өңдеуде қолданылатын өнімдер сертификатталған және олар адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз деп отыр мамандар. 

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.