{metadescription}
Коронавирустан қайтыс болғандарды 30 минутта жерлеп үлгеру керек

Коронавирустан қайтыс болғандарды 30 минутта жерлеп үлгеру керек

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленетінін айтты.

«Жаңа қаулы бекіттім.Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Онда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі де көрсетілді. Осы вирустан көз жұмғандардың ағзасын ашып қарамайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», - деді бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 369-ға жетті. 

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.