{metadescription}
Тұрғындар дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады

Тұрғындар дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады

Карантин кезінде қазақстандықтар 1430.kz порталында тәжірибелі дәрігерлерден бейне кеңес ала алады.

Бейне кеңес алу үшін порталға тіркеліп, қажетті дәрігерді таңдап, онлайн-қабылдауға жазылулары қажет.

«Содан соң дәрігер жазылу туралы хабарлама алады. Алдын ала пациенттің талдау қорытындылары мен оның медициналық картасын қарап шығады. Барлығы дайын болған кезде тұрғынға бейне кеңес береді. Қажет болған жағдайда ол күндізгі қабылдау тағайындай алады», - делінген хабарламада.

Бүгінде порталда 700-ден астам білікті дәрігерлер тіркелген, олар еліміздің барлық аймағынан келген халыққа қашықтықтан медициналық көмек көрсетеді. Дәрігер туралы толық ақпарат 1430.kz порталында көрсетілген. Пациенттер үшін, әсіресе карантин жағдайында, бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, онлайн медициналық қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.