{metadescription}
Министр карантин мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді

Министр карантин мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда карантин мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді.

«Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды, бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар - жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар. Осы ретте Ұлттық қорға қаражат жинау шешімі Елбасының көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде 372 адамнан коронавирус індеті анықталды. 26 науқас жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.