{metadescription}
Жамбыл облысы тұрғындарының коронавирусты қайда жұқтырғаны белгілі болды

Жамбыл облысы тұрғындарының коронавирусты қайда жұқтырғаны белгілі болды

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402 адамға жетті.

Олардың бесеуі – Жамбыл облысының тұрғындары. Жамбыл облысында коронавирус анықталған ер адам ауруды пойызда жұқтырды. Ресми мәліметке сәйкес, күні кеше облыста коронавируспен анықталған тағы екі адамның біреуі – 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны. Ер адам ауруды "Қызылорда - Петропавл" пойызында Түркістан облысына барған әйелден жұқтырды. Оның диагнозы 21 наурызда анықталған болатын. 

"Ер адаммен жақын қарым-қатынаста болған 8 адам карантинге жіберілді. Бұдан бөлек, "Қызылорда - Петропавл" пойызында Түркістан облысына барған әйелге жақын жүрген 7 жолаушы анықталды. Олардың сынамасында коронавирус табылмады", - делінген ресми хабарламада.   

Ал 1 сәуірде Жамбыл облысында анықталған тағы бір науқас – 1991 жылғы азамат. Ол 30 наурызда Ресейден үйіне келген. Оны бірден карантиндік стационарға жатқызды. Ал коронавирус анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырды.  

"Қазіргі кезде екі науқастың да жағдай қанағаттанарлық. Ауру жеңіл өтуде. Олар қажетті ем-домды алып жатыр. Тұратын жерлеріне дезинфекциялық шаралар жасалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402 адамға жетті. Олардың ішінде бесеуі – Жамбыл облысының тұрғындары.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.