{metadescription}
Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр

Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр

Аустралия ғалымдары коронавирусқа қарсы екі вакцинаны тестілеуді бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оксфорд университеті мен америкалық Inovio Pharmaceutical компаниясы шығарған вакцинаны жануарларға тестілеуге рұқсат берді. Ал Аутралияның ұлттық ғылым агенттігі вакцинаны бағалап, адамға қауіпсіздігін анықтайтын болады.

«Өткен айда АҚШ-та вакцина адамға сыналған еді. Ол кезде жануарларға тестілеу сатысы кейінге қалдырылған болатын. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде басқа да вакциналар жасалып жатыр», - деп жазады автор.

Мақалада айтылғандай, Аустралиядағы сынақтан өткізіліп жатқан вакцина жануарларға тестілеу моделін де қамтыған алғашқы кешенді зерттеу болады.

«Негізінен, вакцинаның толық дайын болуы үшін 1 жылдан екі жылға дейін уақыт кетеді. Бірақ біз бұл уақытты бірнеше айға қысқарттық», - дейді ғалымдар.

Олардың айтуынша, жануарларға жасалған тестілеудің нәтижелері маусым айында белгілі болады

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.