{metadescription}
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады

Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады

Қазіргі уақытта Алматыда екі күндік карантинде бес жүз жиырма адам жатқаны хабарланды.

Оның елуі - бала. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жақын арада қалада коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт төмендейді деп болжап отыр. 

"Азаматтар, отбасы мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирус инфекциясы таралуының төмендеуіне ықпал етеді. Егер адам өзін жоғары деңгейде оқшаулайтын болса, біз жақын арада қала тұрғындары арасында Covid-19 дертінің күрт төмендейтініне сенеміз", - деді Әбілдаев брифингте.

Айта кетейік, Алматыда қазір провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3853 азамат бар. Жалпы қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Енді олар 14 күн үй карантинінде болады. Соңғы мәліметке сәйкес, Алматыда 90 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелген.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.