{metadescription}
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды

Қазіргі уақытта ол стационарда ем қабылдап жатыр.

Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты екені хабарланды. Петропавл қаласында 86 жастағы қарияда коронавирус анықталды. Барлығы Солтүстік Қазақстан облысында 15 адам вирус жұқтырған. Оның екеуі - бала. 

"1933 жылы туған әйел Петропавлда тұрады. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы қалыпты", - деді облыстық тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова. 

Сондай-ақ, Өскемен қаласында 82 жастағы қарияның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ол емханаға өзі келген. Алдымен пневмония, кейін коронавирус екені анықталды. Қазіргі уақытта зейнеткердің жағдайы орташа. Ол қаңтар айында Ресейде болған. Эпидемиологиялық тергеу қорытындысы бойынша оның 198 адаммен байланыста болғаны анықталды. 

Тығыз қарым-қатынаста болған адамдар стационарға, қалғандары үй карантиніне алынды. Бұл өңірде барлығы үш адам коронавирус жұқтырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.