{metadescription}
Жаңа сайтта 42 500 теңгені қалай алуға болады

Жаңа сайтта 42 500 теңгені қалай алуға болады

Бүгін Enbek.kz электронды еңбек биржасының платформасында іске қосылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтініш беру сервисі арқылы бір уақытта 25 мыңға дейін өтініш өңделеді.

42500.enbek.kz сервисіне азаматтардан тым көп шағым түсуіне байланысты мәліметтерді бір уақытта өңдеуге 25 мың өтінішке дейін сандық шектеу қойылды. Бұл сервис бұзылмас үшін жасалады.

«Азаматтардан шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Егер бірінші әрекеттен өтініш беру мүмкін болмаса, оны қайталау қажет. Қазіргі уақытта сервис арқылы бекітілген 6 санаттың 5-еуі әлеуметтік төлем алуға өтініш бере алады. Жақын арада мұндай мүмкіндік бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге да беріледі», - деп мәлім етті министрліктен.

Фейк ресурстардың пайда болуына байланысты сайттың дұрыс мекенжайын жариялаймыз - 42500.enbek.kz. Бұдан бұрын хабарланғандай, МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1) 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды пошта көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау; 7) өтініш жіберілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та өтініш өңделіп, деректер тексерілгеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері; - жеке кәсіпкерлер; - жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері. Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.