{metadescription}
Қарағандыда қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылды

Қарағандыда қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылды

Қарағандыдағы «Майқұдық» тұрғын үй кешенінің ауласындағы қоқыс контейнерінен бір айлық нәресте табылды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен сәби табылды. Дәрігерлердің айтуынша, бала шамамен 1 айлық.

«Қыз баланы жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Дене жарақаттары жоқ. Аталмыш дерек полицияда тіркелді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні тіркеп, баланың анасын іздеу жұмысын бастаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.