{metadescription}
Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер қайда тұрып жатыр

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер қайда тұрып жатыр

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар қонақүйлерде тегін тұрып жатыр.

Олар көлікпен және тамақпен қамтамасыз етілді.

«Бізде карантиндегі пациенттерді қарайтын дәрігерлер тұрып жатыр. Біз оларға номерлік қор ұсынамыз, қызметті әкімдікпен бірге атқарамыз. Осындай қиын уақытта тұрғындарымызды емдеп жатқан дәрігерлерге көмектесу, оларға күтім көрсету біз үшін үлкен қуаныш», – деді «Думан» қонақүйінің әкімшісі Сымбат Бердекенова.

Қонақүйде орналасқан медиктердің айтуынша, барлық қауіпсіздік нормалары сақталған. Ресепшнде, кірерберісте, мейрамханада қолды өңдеуге арналған антисептиктер бар. Қонақүйдің ішінде медициналық маскалар мен қолғаптарсыз жүруге қатаң тыйым салынады.

«Бізді қонақүйге қоныстандырды. Жақсы жерде тұрып жатырмыз, үш мезгіл тамақтанамыз. Медицина саласының қызметкерлері тамақтанған кезде үстелдер бір-бірінен 4-5 метр қашықтықта тұрады. Қонақүй үнемі өңделеді. Бізге бәрі ұнайды», - деді елорда емханаларының бірінде жұмыс жасайтын медбике Раушан Қайрова.

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.