{metadescription}
Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған

Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған

Түркістан облысында көз жұмған  64 жастағы науқас 15 наурызда Алматыдан келгенін жасырған.

Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Пневмония анықталып, тыныс алуы қиындаған. Науқас қант диабетімен ауырған. Барлық сынама алынып, емдік шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, бүгін таңертең көз жұмды", - деді басқарма мамандары.

Науқас бір ай бойы Алматы облысының Қарасай ауданында қонақта болған. Бірақ он бесінші наурызда автобус арқылы өз үйіне келген. 29 наурызда ауырып, ауруханаға жатқызылады. Жетісай аудандық ауруханасының терапиялық бөлімінде ем қабылдайды. Жағдайы нашарлап, инфекциялық бөлімшеге ауыстырылған.

"Марқұм он бесінші наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырған. Біздің дәрігерлер одан зертханалық сынама алып, тест оң нәтиже көрсетті. Онымен байланыста болған барлық адам анықталды. Жақын араласқандар саны 25 адам, тағы қырық адамның жұқтыру қаупі бар", - деп атап өтті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі. 


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде