{metadescription}
Алматыда коронавирустан 6 науқас жазылып шықты

Алматыда коронавирустан 6 науқас жазылып шықты

Бүгін, 4 cәуірде Covid-19 індетінен тағы 6 науқас сауығып шықты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгін Covid-19 індетінен тағы 6 науқас ауруханадан жазылып шықты. Оның 5-уі әйел, біреуі ер адам.

"Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда "Мәскеу – Алматы" рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған", - делінген хабарламада.

Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19. Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде. Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагнозбен 91 пациент жатыр. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны (әйел адам).

77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Екі ересек адамның халі өте ауыр, 1 науқас ауыр жағдайда, 11 ересек науқас орта ауырлық дәрежеде (араларында облыстың бір тұрғыны бар). Провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар, олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде