{metadescription}
Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек

Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек

ҚР денсаулық министрлігі коронавирусқа сынамадан өту үшін не істеу керектігін жариялады.

Экспресс-тестілер өткізу үшін пациенттерден сауалнама алу жүргізіледі. Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін formcovid.eisz.kz сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды.

Бiр тексеруінен өтетін азаматтар санаты:

- тыныс алу жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;

- респираторлық белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар.

- автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кіретін азаматтар;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

- карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері.

Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады.

Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.

Экспресс-тестілер сенімділігінің 90%-дан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10%-на дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде