{metadescription}
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елордада коронавирустан бір науқастың жазылғанын мәлімдеді.

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді. оның ішінде:

- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);

- 17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды;

- бір өлім жағдайы тiркелді.

Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде. Қалған емделушілердiң жағдайы - қанағаттанарлық.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде