Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында карантин уақыты созылды
Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады.
16:31 04.04.2020
Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады.
«Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді. Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа көшед»і, - делінген ақпаратта.
Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00 - ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар және ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеулі.
«Пошта бөлімшелерінде, төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді», - дейді әкімдіктегілер.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram