{metadescription}
Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

Ұлыбританияның Уиррал ауданының екі рет қатерлі ісікті жеңген тұрғыны коронавирустан көз жұмды.

79 жастағы Дэвид Александр Уильмс өзінің екі рет онкологиялық дерттен айыққанына қарамастан өте ширақ әрі белсенді азамат болыпты. Алайда наурыз айының соңында оның денесінде коронавирустың белгілері байқалған. Ал 28 наурыз күні азамттың тыныс алуы тіпті нашарлап кеткен. Аурухана жеткенде қарияның коронавирустың асқынған түрінен шалдыққаны анықталыпты.

Ал екі күннен соң Британия тұрғыны аурудан көз жұмған. Марқұмның артында төрт баласы, төрт немересі мен әйелі қалған. 

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде