{metadescription}
Коронавирустан қайтыс болған бесінші адамға қатысты ақпарат шықты

Коронавирустан қайтыс болған бесінші адамға қатысты ақпарат шықты

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған бесінші адам туралы ақпарат берді.

Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам Целиноград ауданында тұрады. Есепте "Дисциркуляторлық энцефалопатия" диагнозымен тіркелген.

"1 наурызда емделушінің жағдайы нашарлаған. Артериялық қысым жоғарылап, тыныс алуы қиындаған. 2 сәуірде биологиялық өлім анықталды, қайтыс болған адамның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу нәтижесінде COVID-19 табылды", - деп хабарланды брифингте.

Қазақстанда барлығы 525 адам коронавирус жұқтырған, 36 адам емделіп, бес адам қайтыс болды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.