{metadescription}
Ақтауда ер адам карантиннен қашамын деп омыртқасын сындырды

Ақтауда ер адам карантиннен қашамын деп омыртқасын сындырды

Ақтауда карантинге жабылған үйден қашпақшы болған ер азамат үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды.

"Ақтауда уақытша науқастар тұрып жатқан 11-шағын ауданындағы № 10 тұрғын үй карантинге жабылды. Осы уақытта сондағы үйлердің бірінде қонақта болған Бейнеу ауданының тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, қашып кетпек болған. Алайда ол омыртқасын сындырып, қазір ауруханада жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.

Айта кетейік, тұрғын үй коронавирус анықталға соң оқшауланған. Онда вирус жұқтырған екі адам бір отбасы мүшесі.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.