{metadescription}
Ақтөбеде он төрт адам қамауға алынды

Ақтөбеде он төрт адам қамауға алынды

Тәртіп бұзушылардың басым бөлігін дүкен иелері құрайды.

Олар белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеп, төтенше жағдай режимін сақтауға немқұрайлы қарайды. Ақтөбе облысында төтенше жағдай  режимін бұзудың 111 дерегі анықталды. Оның ішінде 14 факті бойынша қамауға алынды. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Төтенше жағдай режимі енгізілген соң, тәртіп сақшылары облыста заң бұзудың 111 фактісін анықтады. Оның ішінде 14 факті бойынша қамауға алынса, 58 жағдай бойынша айыппұл салынды. 8 адамға ескерту беріліп, 26 іс сотқа жіберілді", – делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, тәртіп бұзушылардың басым бөлігін дүкен иелері құрайды. Олар белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеп, төтенше жағдай режимін сақтауға немқұрайлы қарайды. Нақтылай түскенде, бетперде кимей қызмет көрсететіндер де аз емес.

Ал құқық қорғау өкілдерінің талдауына сүйенсек, 111 фактінің 101-і әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына, ал 10 факті 478-бапқа қайшы әрекеттер деп танылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде