{metadescription}
Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

Осы кезге дейін Түркістан облысының бір азаматы коронавирус індетін жұқтыру салдарынан көз жұмған еді.

Осы кезге дейін коронавирус індетін жұқтыру салдарынан көз жұму дерегі Қазақстанның үш облысы мен бір қаласында тіркелген. Қазақстанда коронавирустан алтыншы адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға Шымкент қаласында тіркелді. Ал Түркістан облысы бойынша індет жұқтырғандар саны тағы 2 адамға көбейді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.  

"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген", – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл коронавирус індетінен көз жұмған Қазақстандағы алтыншы науқас. Осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Ақмола облысында – 2, Түркістан облысында – 1 және Қарағанды облысында – 1 қайғылы жағдай тіркелген.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.