{metadescription}
Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді

Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді

Ресейде жаңа туған сәбиге оның ата-анасы коронавирустың құрметіне есім берді.

Кемерово облысына қарасты Новокузнецкте ұл балаға Ковид (COVID, COrona VIrus Disease, яғни "коронавирус ауруы" сөзінің қысқартылуы ) есімі қойлыпты. Ерекше есімге ие болған баланың әке-шешесі өздерінің бұл шешімін бұл есімнің бұрын-соңды еш кездесепегенін айтып мақтаныпты. Ерлі-зайыптылар Ковид есімі өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді. 

"Бұл сіздерге Ваня, Саня, Коля, Толя, Коля емес. Бұл есімді ешкіммен шатастырмайсың", - дейді дара атқа ие болған нәрестенің ата-анасы. 

Сондай-ақ олар бұл есімнің олардың балаларына сәттілік әкелетініне сенетінін айтыпты.  Ресейлік балақай коронавирустың құрметіне есімге ие болғандардың алғашықысы емес. Бұған дейін Үндістанда ерлі-зайыптылар қызына Корона деген есім беріпті. 

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.