{metadescription}
Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды. 

Олардың баласы Бадди Бейкердің айтуынша, 74 жастағы әкесі мен 72 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болған. Арасы алты минут. 

"Ата-анамның денсаулығы өте жақсы болатын. Алайда өткен айда оларда пневмонияның жеңіл түрі анықталып, ауруханаға жеткізілді. Астмамен ауыратын әкем ауруханада қалды. Ал анам үйге жіберілді", - дейді ол.

Кейін дәрігерлер әкесінің коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Балалары бұл туралы анасына айтпаған. Бірақ оны да ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдапты. 45 минуттан соң әйелде де COVID-19 анықталды. Дәрігерлер екеуінің бір бөлмеде болуына мүмкіндік берді. Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде