{metadescription}
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 662-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 662-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тiркелдi.

Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады. Түркістан облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Жамбыл облысында - 5 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 221 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 40 адам, Шымкент қаласында - 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 50 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 662 науқас тіркелді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде