{metadescription}
Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банк шоты бұғатталмайды

Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банк шоты бұғатталмайды

Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банктегі есепшоты бұғатталмайды. 

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне хабарлады. Банк есепшоттары және инкассация операцияларына қатысты шектеулерді комитет департаментінің қызметерлері алып тастайтын болады. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға да, жеке практикамен айналысатындарға да қатысты.

Бұл шара қазақстандықтарға 42 500 теңге төленуімен байланысты. Адамдар ақшаны жедел алуы үшін есепшот бойынша жүргізілетін операцияларды шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұған дейін президент шағын және орта бизнесті салық және өзге төлемдерден босатуды тапсырған болатын. Ол мемлекеттік комиссия бұл тізімге енетін салаларды анықтайтынын айтты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.