{metadescription}
Тоқаев үкімет пен әкімдіктер не істеуі керек екенін айтты

Тоқаев үкімет пен әкімдіктер не істеуі керек екенін айтты

Президент төтенше жағдай кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн екенінайты.

Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді деді. Президент үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған.

"Төтенше жағдай кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс", - деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Continental Logistics көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмысымен танысты. Елде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қоры бар екені айтылды.

Президент Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретінде Қазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.