{metadescription}
Бүгін коронавирус жұқтырған 4 адам Қордай ауданының тұрғындары

Бүгін коронавирус жұқтырған 4 адам Қордай ауданының тұрғындары

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметке сенсек, 7 сәуірде Жамбыл облысында 5 адам коронавирус жұқтырған.

7 сәуір сағат 14:20-дағы жағдай бойынша, Жамбыл облысындағы 5 жағдайдың төртеуі - Қордай ауданында, 1 - Мойынқұм ауданында тіркелді. Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық сынама алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты.

Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 7 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды. Сонымен қатар 268 адам медициналық бақылауда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.