{metadescription}
Қазақстанда жаңа автокөлікті онлайн тіркеуге болады

Қазақстанда жаңа автокөлікті онлайн тіркеуге болады

Қазақстанда жаңадан алынған автокөлікті онлайн режимде тіркеуге болады.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтып берді.

«Еліміздегі төтенше жағдай режимінде Еңбек министрлігімен ғана жұмыс істеп отырған жоқпыз. Жақында ғана 42500 қызметі жедел түрде іске қосылғанын білесіздер. Жақын арада Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, танымал қызметтердің бірі - автокөлік тіркеуді онлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда автосалоннан алынып жатқан көлікті айтып отырмыз. Қолданыстағы автокөлікті сатқыңыз келсе, «Электронды үкімет» порталында немесе eGov mobile мобильді қосымшасында құжат рәсімдеуге болады», - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.