{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды өзгерді

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды өзгерді

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту туралы ұсынысты бекітті.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріптік коды NQZ болып өзгерді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

"Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылдың 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріптік кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды", - делінге ниндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

2020 жылдың 8 маусымынан бастап авиабилеттерді броньдаудың барлық жүйесінде, оның ішінде билеттерде, жүк таңбаларында, ақпараттық таблода NQZ жаңа коды пайдаланылады. 

Айта кетейік, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бағытында көп жұмыс атқарған. Соның нәтижесінде әлемнің барлық елі әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде