{metadescription}
Алматылық автопарктер шығын орнын толтыруды сұрайды

Алматылық автопарктер шығын орнын толтыруды сұрайды

Алматыдағы қоғамдық көліктер карантин кезінде кешкі жетіге дейін жұмыс істейді. Қазір жолаушылар саны да күрт азайған.

Алматыда енгізілген карантин салдары қоғамдық көліктердің жұмысына едәуір әсер еткен. Бүгінде автопарктердің табысы 10 есеге төмендеді. Карантин енгізілгенге дейін күн сайын миллионнан астам азамат қоғамдық көлікті пайдаланса, бұл күнде олар 140 мыңнан аспайды. Мегаполистегі автобустар мен троллейбустар қазір 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Кіріс көлемінің 10 есеге төмендеуі тасымалдаушыларды алаңдатады. Сондықтан да тасымалдаушылар әкімдікке маршруттарға қызмет көрсету шығындарын өтеуді сұрап жүгінді", – деді Алматы қаласының жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының президенті Сәбит Аманбаев.

Тасымалдаушылардың айтуынша, шығын әлі де көп. Автокөліктерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуден басқа, жүргізушілерге де ақы төленуі тиіс.

"Бір жарым мың жаңа автобусты несиелік қаражатқа сатып алғанбыз. Жүргізушілердің де жалақысы өсуде. Алдын-ала есеп бойынша, 15 наурыздан 1 сәуірге дейінгі шығын шамамен бір миллиард теңгені құрады, ал кіріс – жарты миллиард. Осылайша жарты миллиард теңгеге жуық шығынға батсақ та, кәсіпорындарға шыдамдылық танытуға тура келуде", – деді Аманбаев.

Қазіргі кезде автопарктер автобус санын 30% қысқартуға мәжбүр. Көптеген жүргізушілер мәжбүрлі демалысқа жіберілді. Қауымдастық өкілдері билік жақын арада шешім тауып, шығынның орнын толтырады деп үміттенеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде