{metadescription}
42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды

42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды

Өтініш қанша уақыт қаралады, ақша есепшотқа қашан түседі, мүгедектерге жәрдемақы беріле ме - осы және басқа да сұрақтарға еңбек министрлігі жауап берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Вице-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында негізгі бес сұрақты топтастырып, әрқайсысына жауап жазды. Қандай жағдайда жұмыссыздар 42 500 теңгеге өтініш бере алады

Егер адамның жұмыстан шығуы төтенше жағдайға байланысты болмаса, онда ол жәрдемақыға өтініш бере алмайды. Бірақ осы санатқа кіретін азаматтарға жұмыстан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем беріледі. Оны алу үшін жұмыссыз адам ретінде тіркелу керек. Ал жұмыссыз ретінде тіркелуге дейін "жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін қолдану қажет. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға (мүгедектерге) 42 500 теңге беріле ме

Жалпы, ерекше қажеттілігі бар адамдар осы жәрдемақыны алатындардың тізіміне кірмейді. Себебі олар мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдерді алады. Алайда адам төтенше жағдайға дейін қосымша кәсіппен айналысып, соңғы 12 айдың ішінде бір рет болса да, бірыңғай жиынтық төлемін аударса, 42 500 теңгенің жәрдемақысына өтініш бере алады.

Есепшот немесе телефон нөмірінен қате кетсе, өтінішті қайта жіберуге бола ма?

Жоқ, өтініш бір рет қана беріледі. Одан кейінгі өтініштер біріншісі өңделіп біткенше тіркелмейді.

Өзімде есепшот болмаса, әйелімнің немесе басқа жақын туыстың есепшот нөмірін жіберуге бола ма?

Есепшоттың кез келген нөмірін көрсетуге болады. Ол үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Карталық есепшотты да жіберуге болады. Соның ішінде KZXXXXXXXXXXXXXXXX форматы да жарайды. Осы орайда айта кетер жәйт, картаның нөмірін, яғни сыртындағы 16 цифрды жазудың қажеті жоқ.  Әрбір картаның IBAN есепшоты бар. Оны банктің мобильді қосымшасынан табуға болады. Халық банк, Каспи банк пен Қазпоштаның клиенті болсаңыз, есепшоттың нөмірін анықтаудың тәртібін мына жерден көруге болады. Содан соң міндетті түрде өзіңіздің есепшотты енгізу керек. Басқа адамдардың есепшоты жарамайды. 

Өтініштер қанша уақыт қаралады

Ережеге сәйкес, өтінішті қарау мерзімі – 3 күн. Қазіргі кезде бәрін осы уақыттың ішінде жасауға күш салып жатырмыз. Сондықтан сабырлық сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Өтініштер өте көп. Соның бәрі үздіксіз өңделеді. Өтініш бойынша шешім шығарылған бойда сізге SMS-хабарлама келеді.

Айта кетейік, өтініштерді eGov сайты, 42500.enbek.kz порталы немесе Telegram-бот қосымшасы арқылы беруге болады. Осы кезге дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алаяқтардың құрбанына айналмау үшін ресми боттардың сілтемесін таратқан болатын. Олар:

https://t.me/Help42500Bot

https://t.me/JambylObl42500Bot

https://t.me/Kostanai42500Bot

https://t.me/Karagandy42500Bot

https://t.me/Atyrau42500Bot

https://t.me/Turkistan42500Bot

https://t.me/Aqtobe42500Bot

https://t.me/Pavlodar42500Bot

https://t.me/Mangystau42500Bot

https://t.me/ZKO42500Bot

https://t.me/Qyzylorda42500Bot

https://t.me/SKO42500Bot

https://t.me/VKO42500Bot

https://t.me/NurSultan42500Bot

https://t.me/Shymkent42500Bot

https://t.me/Almaty42500Bot

https://t.me/AlmaObl42500Bot

https://t.me/Akmol42500Bot

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.