{metadescription}
Алматыда оқушы теракт жасайтынын хабарлаған

Алматыда оқушы теракт жасайтынын хабарлаған

14 жастағы жеткіншек Алматыда теракт жасаймын деп қорқытқан.

Бұл туралы ол тұрғындардың біріне WhatsApp арқылы хабарлаған. Ол 8 сәуірде Алматыдағы Медеу ауданында тұрғын үйлердің бірін жарып жіберетінін айтқан. 

«Бұл ақпарат жедел әрекет етуді қажет етті. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу осы мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Оның авторы жедел-іздестіру шараларының арқасында тез табылды.Ол жоғарыда аталған көппәтерлі үйдің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім өзінің жасаған әрекетін мойындап, оны бұзақылық ниетпен жібергенін айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді», - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция қызметкерлері терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Аталған бап бойынша 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде