{metadescription}
Алматыда үш жасар бала магнит батарея жұтып қойған

Алматыда үш жасар бала магнит батарея жұтып қойған

Алматылық дәрігерлер магнит батарея жұтып қойған үш жасар балаға ота жасады.

Дәрігерлер шұғыл ота жасап бөгде затты алып шықты. Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 3 жасар баланың анасы жүгінген. Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында магнит батарея бары анықталды. Нәтижесінде жұтып қойған магнит батареяны ота жасап қана алып шығу мүмкін болған.

«Магниттік заттарды алған кезде бір қиындық бар. Магниттер хирургиялық инструменттерге жабысады. Сондықтан, эндоскопиялық жолмен, тіліксіз ота жасау мүмкін емес болды», - деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев.

Қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиевтің айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы, таяуда ауруханадан шығарылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде