{metadescription}
Нұр-Сұлтанда бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды

Нұр-Сұлтанда бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес елордада әскери міндеттілер тізімі құрылып, әскерге шақырылды.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов әскери міндетті-еріктілермен кездесті. Бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың барлығы - әскери міндетті волонтерлер. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылады. Әскери міндеттілер қатарында-белгілі қазақстандық боксшы, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы және орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар.

«Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сезінеміз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы Жарлығын естігенде еш күмәнсіз бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын», - дейді Ибрагим Ескендір.

Қала әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, әскери міндеттілердің негізгі міндеттері -коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету. Әскери міндеттілер тамақпен, киім-кешекпен, сондай-ақ еңбекақымен толықтай қамтамасыз етілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде