{metadescription}
Коронавирус жұқтырған соңғы екі адамға қатысты мәліметтер жария етілді

Коронавирус жұқтырған соңғы екі адамға қатысты мәліметтер жария етілді

Қарағанды облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған соңғы екі адам аталмыш инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан сынама алу барысында анықталған.

2 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Оларда ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 9 сәуірде сағат 10:00-дегі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 57 адам анықталған. Қарағанды облысында үй карантинінде 1 594 адам бар, ал тәулік бойы бақылауға 818 пациент алынған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.