{metadescription}
Шымкенттегі жаңадан коронавирус жұқтырған адамдар туралы не белгілі

Шымкенттегі жаңадан коронавирус жұқтырған адамдар туралы не белгілі

Таңертеңгі жағдай бойынша елде коронавирусты жұқтырудың 32 жаңа жағдайы анықталды, оның төртеуі Шымкент қаласында тіркелді.

Бәрі коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынған. Нәтижесінде COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытқа дейін Шымкентте коронавирус жұқтырған 27 адам анықталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.