{metadescription}
Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін дәрі табылды

Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін дәрі табылды

Қазіргі кезде ғалымдар лабораториялық зерттеулер жүргізуде.

Соның өзінде жаңа дәрі өте жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Австралиялық Монаша университеті мен Мельбурндегі корольдік аурухана ғалымдары паразитке қарсы дәрінің коронавирустың көбеюін өте жылдам тоқтатанынын анықтады. Ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижесі Antiviral Research басылымында жарияланды.

Мамандардың айтуынша, ивермектин препараты вирусқа қарсы әсерге ие және ол SARS-CoV-2 көбеюін 48 сағатқа дейін тежеуге қабілетті. Ғалымдар зертханалық жағдайда коронавирус жұққан жасушаға екі сағаттан соң дәріні қосқан. 24 сағаттан кейін дәрінің бір дозасы вирустық РНҚ (Рибонуклеин қышқылы) мөлшерін 93%-ке, ал екі күннен кейін 99%-ке төмендеткен, деп хабарлады РИА Новости.

Енді бұл дәрінің коронавирус жұқтырған адамға әсері қандай болатынын анықтау керек. Сондықтан ғалымдар олардың жұмысы әрі қарай зерттеулер жүргізуге көмектеседі деп үміттенеді.  Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирусын тежеуге, аурудың асқынуына жол бермеуге және инфекцияның адамнан адамға жұғуын шектеуге көмектеседі.

Клиникалық хаттамаларға сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарға төсек режимін және арнайы диета сақтау ұсынылады. Ал ауыр жағдайда (пневмония) науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Ересек пациенттерге әдетте ВИЧ-инфекциясын емдейтін лопинавир/ритонавир препараттары тағайындалады. Айта кетейік, COVID-19 індетінен емдейтін барлық дәрі-дәрмекті тек дәрігерлер береді, оларды медициналық кеңес алмай, ішуге болмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.