{metadescription}
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лззат Ақтаева өзінің Facebook парақшасында жазды. Вице-минстрдің айтуынша, жүкті әйел 8 сәуірде толғақ қысып провизорлық перзентханаға түскен. Әйелде ЖРБИ симптомдары болған. Кейін анализінен коронавирус табылған. Оның денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген.

"Толғақ басталып, бала аман-есен өмірге келді. Салмағы 2970 грамм, бойы 51 см. Баланың жағдайы бірқалыпты. Covid-19 анализі алынды" - деп жазды вице-министр.

Әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 100-ге жетті. Ал, Қазақстанда 781 адам вирус жұқтырды. 60 адам дерттен айықты. 8 адам қайтыс болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.