{metadescription}
Жаңадан коронавирус анықталған адамдар туралы ақпарат пайда болды

Жаңадан коронавирус анықталған адамдар туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жаңа адамдардың жағдайын Мемкомиссияның жедел штабы өкілі айтты.

Төрт оқиға Шымкент қаласында тіркелген. Барлығы бұрын коронавируспен ауырған адаммен байланыста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық талдаулар алынды. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталады, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Маңғыстау облысында коронавирустан тағы екі жағдай тіркелді, бұл 40 жастағы екі әйел. Барлығы бұрын коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық талдау алынды. Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша, COVID-19 анықталды.

Бекітілген хаттамаға сәйкес ем шаралары жүреді. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында инфекция табылған екі оқиға тіркелді. Екеуі де-Өзбекстан Республикасының 25 және 27 жастағы азаматтары, олар жүк тасымалымен айналысады. Барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізілді, онда коронавирус инфекциясына талдау алынды. Нәтижесінде, COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі уақытта екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеке бокстарға ауыстырылды. Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Атырауда вирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Олар 23 және 73 жастағы екі әйел және 31 жастағы бір ер адам.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.