{metadescription}
Алматыда блок-бекеттен өте алмаған қыз көпірден секіріп өлмек болды

Алматыда блок-бекеттен өте алмаған қыз көпірден секіріп өлмек болды

Алматы мен Алматы облысының шекарасындағы көпірден бір қыз өзенге секіріп, өлмекші болды.

Кейін белгілі болғандай, ол бұған дейін бақылау-өткізу бекетінен өтпек болған екен. Құрлық әскерлерінің Әскери институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 курс курсанты Мейрамбек Найсекенов Арычная өзенінің бойында кезекшілік кезінде бір адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекетінінің алдын алды.

«Мейрамбек атап өткендей, бұған дейін ол бұл қыздың облысқа шығу үшін Алматы бақылау-өткізу пунктіне келген, бірақ оның әрекеттері нәтижесіз болғандықтан, ол өзен жаққа беттеп, көпірге көтерілген, сөйтіп көпір қоршауынан аттап, суға секірмек болған. Осыны сырттай байқап тұрған курсант Найзекенов еш ойланбастан, жылдам әрекет етіп, кһпірдің жақтауынан асқан әйелдің қолынан шап беріп ұстап алып, оны өзіне тартып, қауіптің алдын алған. Рация арқылы бақылау пунктіне хабар бердім, өзімше әйелді тыныштандыруға тырыстым, өйткені ол қиналып тұр еді. Құқық қорғау органдары өкілдерінің келуіне дейін курсант Найсекенов әйелмен сөйлескен. Оның есімі Ольга, оның балалар үйінің тәрбиеленушісі екенін, Алматыда оның қалуға жағдайы жоқ екенін, өйткені онда жақын таныстары мен достары да жоқ екенін біліпті. Сол себепті әйел қаладан Алматы облысына өтпекші болған, барар жері болмағандықтан, бекеттен өзін өткізбегендіктен ол өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған», деп хабарлайды ҚӘӘИ баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының өкілдері курсант Мейрамбек Найсекеновтың батыл әрекеті арқасында Ольга аман-есен қалғанын атап өтті. Мейрамбекке алғысын білдірді.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде