{metadescription}
Президент көмекшісі 42 500 теңгеге қатысты жазба жариялады

Президент көмекшісі 42 500 теңгеге қатысты жазба жариялады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы - 42 500 теңге көлемінде қаржы беріледі.

Президент көмекшісі Аида Балаева төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға берілетін төлем жайлы пікір білдірді. Президент көмекшісінің айтуынша, азаматтардан барлығы 3,4 миллион өтінім түскен.

"Әлеуметтік желіде кейбір пайдаланушылар төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан адамдарға 42 500 теңге төлеуге қатысты сұрақтарды әлі де қойып жатыр. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні барлық талапқа сай 1 782 632 өтінім келіп түсті", - деді Балаева.

Айтуынша, төлем 538 983 адамға тағайындалып, азаматтарға жіберілген.

"Аталған акция аясында 22,9 миллиард теңге аударылды. Жаңа деректер бойынша сіздерді хабардар етіп отырамын", - деп жазды Балаева Facebook парақшасында.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы - 42 500 теңге көлемінде қаржы беріледі.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.