{metadescription}
Коронавирустың жаңа белгілері аталды

Коронавирустың жаңа белгілері аталды

Француз дәрігерлері тері ауруларына байланысты коронавирустың жаңа белгілерін атады.

Бұл туралы дерматолог-венерологтардың ұлттық одағының сайтындағы хабарламада айтылды. 400-ден астам маман ұйымдастырған медициналық қоғамдастық кейбір жағдайларда COVID-19 вирусын жұқтырған адамдарда жиі терінің қызаруы, есекжем мен жалған тері үсуі болады дейді. Мамандардың айтуынша, мұндай тұжырымдар вирус инфекциясының көптеген жағдайларын талдау негізінде жасалды.

"Біз медициналық қауымдастықтағы мамандарға коронавируспен ауыратын жаңа науқастарды мүмкіндігінше тез табуы үшін осы белгілер жайлы ескертеміз", - деді SNDV.

Дәрігерлер аталмыш белгілері бар азаматтарға медициналық мекемелерге баруды ұсынды. Олардың айтуынша, егер терінің проблемалары COVID-19-дың белгілері болмаса да, бұл ауруларды емдеу керек. Билік SNDV есебіне жауап берді. Францияның денсаулық сақтау бас дирекциясының басшысы Джером Саломон коронавирус жағдайында дерматологиялық симптомдарды көрсететін ешқандай ғылыми зерттеулерді әлі білмегенін атап өтті.

Сонымен қатар, Саломон вирус мутанцияланып, өзгерген кезде оның жаңа белгілері табылуы мүмкін екенін атап өтті. Бұған дейін Business Insider медициналық мәліметтерге сүйене отырып, коронавирустың негізгі белгілерін атады. Оларға температураның күрт көтерілуі, қызба, құрғақ жөтел және тыныс алу нашарлауы кірді. Қалтырау, бұлшық еттердің ауыруы COVID-19 вирусында сирек кездесетін белгілері деп аталды, мұрын мен тамақтың ауруы жалпы суықтың белгілеріне жатқызылды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.