{metadescription}
Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды

Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды

Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзарту жөніндегі шешімді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

 Қазақстанда төтенше жағдай режимі сәуірдің 30-на дейін ұзартылды. Төтенше жағдай 15 сәуірде аяқталуы тиіс болатын. Осыған байланысты мемлекет басшысы режимді айдың соңына дейін созуға тапсырма берді. 

"Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Президент мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінетінін айтты. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. 

"Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы" – деді мемлекет басшысы.

Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі президенттің жарлығымен 16 наурызда бір айға енгізілген еді. Еске сала кетсек, 13 наурызда алғашқы вирус жұқтырғандар туралы хабарланды. Содан бері елімізде күнде дертке шалдыққандар анықталуда. Әуелі Нұр-Сұлтан мен Алматы, кейін басқа өңірлер мен қалалар карантинге жабыла бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 802-ге жетті. 63 адам сауығып шықса, тоғыз науқас көз жұмды.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.