{metadescription}
Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын төмендету туралы тапсырмасын еске салды

Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын төмендету туралы тапсырмасын еске салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын түсіру туралы терген тапсырмасын еске салды.  

"Мен бұған дейін карантин жарияланған қалаларда коммуналдық төлемдердің бағасын төмендетуді тапсырған едім. Бірақ менің білуімше, қазір мұндай шешім орындалып жатқан жоқ", - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар президент басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.

"Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет", - деп қосты ол. 

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.