{metadescription}
АҚШ-та 15 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

АҚШ-та 15 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

18 мамырда Американың Шарлотта қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 15 жастағы қазақстандық Роман Кичигинді атып кетті.

Жеткіншекті ұрылар атып өлтірген. Роман есімді қазақстандық BMW автокөліктерін сатып алып, оларды жөндеп, қымбатқа сатумен айналысқан. Бұл күні ол қатарынан үш көлік сатқан. Төртінші көлікті сату әрекеті қарулы тонауға айналады. Жасөспірімге оқ тиіп, ауыр жарақат алады. Оқ жарақатын алған бозбала көп ұзамай ауруханада көз жұмған. Полицейлер 18 жастағы күдіктіні қолға түсірген.  

Роман отбасымен бірген АҚШ-қа 2014 жылы Семейден көшіп барған. Ол жанұяның үлкен баласы екен. Жергілікті тұрғындар марқұмның жерлеу рәсімдеріне шығынына 41 мың доллардан астам ақша жинапты. 

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде